«Ел рәміздері – ел рухы»

04.06.2025

 4 маусым күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасы мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің бірлесуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ел рәміздері – ел рухы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме аясында кітапханашы оқырмандарға библиографиялық шолу жасап, Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, мазмұны және олардың ел өміріндегі маңызы туралы кеңінен мағлұмат берді. Іс-шараға қатысушылар рәміздер арқылы ел рухын, тәуелсіздіктің белгісін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мақсаты: Оқырмандардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, олардың пайда болуы мен тарихи маңызын ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.