«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»

04.06.2025

4 маусым күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара аясында тақырыптық көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының бейнелері, Мемлекеттік Гимннің мәтіні және рәміздер туралы жазылған әдебиеттер қойылды. Мақсаты: Оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.