«Ел рәмізі – еркіндік нышаны»

04.06.2025
4 маусым күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәмізі – еркіндік нышаны» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға Мәдениет үйінің қызметкерлері мен Қараағаш ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.О. Абеуов қатысты. Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихы туралы мазмұнды ақпараттар берілді. Мақсаты: Оқырмандарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу, ұлттық болмыс пен ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.