«Ел үшін жаралған ер»

08.05.2025
8 мамыр күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, қазақтың көрнекті жазушысы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ел үшін жаралған ер» атты ерлік сағаты өтті. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқырмандарды Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, оның ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.