«Әлемді кітаппен таны»

23.04.2025

23 сәуір Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Әлемді кітаппен таны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап – адамзат ақыл-ойының, рухани ізденісінің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа жететін асыл мұра. Ол – тәрбие мен білімнің қайнар көзі, адамды рухани байытып, өмір жолында бағыт-бағдар беретін құнды қазына. Осыған орай, кітап көрмесіне ақын-жазушылардың шығармалары мен тақырыптық буклеттер қойылып, оқырман назарына ұсынылды. Шараға ауыл әкімдігі мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, көрмедегі әдебиеттермен танысып, өз әсерлерімен бөлісті. Кітап көрмесі қонақтарға ерекше әсер қалдырып, кітаптың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.Мақсаты:Кітаптың адам өміріндегі орнын ұғындыру, білім мен ғылымның бастауын кітаптан іздеуге баулу, жас ұрпақты кітап оқуға шақыру және кітап оқу мәдениетін дәріптеу болды.