«Елім саған мың алғыс!»

01.03.2022

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 1 наурыз–Алғыс айту күніне орай «Елім саған мың алғыс!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби кеш өткізілді. Кітапханашы А.Жокенова оқырмандарға кітап көрмесін таныстыра отырып, алғыс айту күні туралы ақпарат берді. Оқырмандар Т.Игенова мен Д.Шубай өлеңдер оқып, бір-біріне деген алғыстарын жүрекшелерге жазып жеткізді. Кеш соңынан барлығы бір-біріне деген алғыстарын, жылы лебіздерін жүрекшелерге жазып тапсырды.