«Еліміздің бүгіні мен ертеңі - жастар»

14.11.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 14 қараша күні Жастар күніне орай  «Еліміздің бүгіні мен ертеңі - жастар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жас ұрпақ – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата – бабамыз сан жылдар  армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашағындай сақтайтын мұрагер.  Шараға мектептің 11- сынып оқушылары қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мақсаты: Жастардың ұлттық салт – санасын дамыту, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.