Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

14.12.2022

14 желтоқсан «Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасы» КММ   оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің  ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!  атты тарихи –танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің маңыздылығын ашу арқылы, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Кеш қонақтары: аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, аудандық мұрағат қызметкерлері,  мектептің тарих мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Патриоттық кешіміз желтоқсан құрбандарына құрмет көрсетіп,  1 минуттық үнсіздікпен басталды. 36 жыл ішінде тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, бұл күн еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке екенін, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздікті мектеп оқушыларымен дайындалған көрініспен бастау алды. Кеш барысында кітапханашы  Естаева  Нүргүл «Тәуелсіздік –бақыт жолы» атты тарихи кітап көрмесімен таныстырса, Жакишева Әсем  мерекелік ән шашуларын арнады. Көрініске қатысқан мектеп оқушыларына кітапхана ұжымы алғыстарын білдірді. Сөз соңында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Амантай Нығатайұлына  жиылған қауымға зор денсаулық, шаңырақтарыңа шаттық, тәуелсіздіктің баянды болуын, берекелі еңбектеріне жеміс тіледі.