«Елімнің рәміздері – Тәуелсіздіктің белгісі»

04.06.2025
4 маусым күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Елімнің рәміздері – Тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға оқырмандармен бірге О.Әлібаев атындағы мектептің кітапханашысы Қуанышбекова Қ. және бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Г. қатысты. Кітапханада тақырыптық кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Азбаева Сандуғаш библиографиялық шолу жасады. Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұранның мәні мен мазмұны, олардың тарихы мен шығу жолдары жайында жан-жақты мәлімет берілді. Қатысушылар рәміздердің әрқайсысы еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екеніне көз жеткізді. Мақсаты: Оқырмандардың мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін тереңдету, олардың шығу тарихы мен маңызын ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.