«Еліне елеулі азамат»

09.02.2022
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 9 ақпан күні Кеңес одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Құрметті спорт қайраткері, жерлесіміз Жарылғапов Ғазым Жарылғапұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Еліне елеулі азамат» атты информ-дайджест ұсынылды. Информ-дайджестте Ғ.Жарылғаповтың өмірбаяны, спорттағы жетістіктері, танымал адамдармен түскен суреттері таныстырылды.