«Әлия – батыр қызы сен халқымның»

29.04.2025
29 сәуір күні Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында «Әлия – батыр қызы сен халқымның» атты тақырыптық сағат өткізілді.Іс-шараға 1-сынып оқушылары шақырылды. Шара барысында қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, өз еркімен майданға аттанғаны, мергендер мектебін үздік аяқтап, ашық шайқастарда жауынгерлік тапсырмаларды бұлжытпай орындағаны жайлы мәліметтер беріліп, оның ерлігі насихатталды.Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай оның өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру.