«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - азап»

29.09.2024

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 29 қыркүйек еңбек күніне орай   «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - азап»  атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс- шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің 4-5 сынып оқушылары және мәдениет үйінің қызметкері қатысты. Шарамызда еңбекке деген сүйіспеншіліктерін, жалпы еңбексіз бұл дүниеде ештеңеге қол жеткізілмейтіндігін және де еңбекпен нан да, ән де, сән де болатындығы жайлы айтылды. Еңбек туралы мақал – мәтел айтып, нақыл сөздерге де тоқталып кеттік. «Еңбектің - наны тәтті, жалқаудың - жаны тәтті» -  демекші жалқауланбай адал еңбек етсеңдер ғана  үлкен белестерге қол жеткізесіздер деген мәтінмен аяқталды тәрбие сағатымыз. Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру.