«Еңбек түбі-береке»

17.10.2024

            Еңбек адамына деген құрмет қай кезде де ерекше. Барлық жерде еңбек адамының орны бірінші болуы керек. Қазіргі таңда еңбек адамының қоғамдағы өнегесі бәсі биік. Қажырлы еңбегімен, кәсібіне адалдығымен белгілі болып жүрген жандардың бірі - ардагер оқырманымыз Жанұзақова Күлпан Ошаққызымен 17 қазан күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында «Еңбек түбі-береке» тақырыбында әңгіме сағаты жүргізілді. Мақсаты: Шараның негізгі мақсаты қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, жастарға адал еңбекті үлгі ету.