«Ер мен жердің жеңісі»

05.05.2022

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 5 мамыр күні 9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күніне» орай «Ер мен жердің жеңісі» атты ерлік сағаты өткізілді. Шараны кітапханашы М. Искакова жүргізіп, ауылымыздан шыққан соғыс ардагерлеріне жасаған бүктеме қағазбен таныстырып, кітап көрмесімен, және де биылғы мерейтой иелері Кеңес Одағының батырлары Т. Бигельдинов, М. Мәметова, Х. Доспанова туралы айтып, әңгімелеп берді. Оқушылар өздерінің Ұлы Жеңіс күніне дайындаған тақпақтарын мәнерлеп айтты. Мақсаты: балаларға Ұлы Отан соғысысынң мазмұныны әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерімен таныстыру. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.