«Ер мен жердің жеңісі»

08.05.2025

       8 мамыр күні Ш. Ералиев ауылдық Мәдениет үйінде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер мен жердің жеңісі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Осыған орай ауылдық кітапханада «Мәңгілік – ерлік дастаны» атты кітап көрмесі құрылып, библиографиялық шолу жасалды. Мерекелік кеш соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ. Қыдыров пен ауыл ақсақалдары жиналған жұртшылыққа жүрекжарды тілектерін білдірді. Ауылдың көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, «Еркем-ай» би тобының қыздары мың бұралып би биледі. «Көңіл ашар» үйірмесінің күйшілері «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар, 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Мақсаты: Жас ұрпақтың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.