«Ерлер – жердің қорғаны»

05.05.2022
5 мамыр күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлер – жердің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы А.Жокенова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар ер-азаматтарға арналған «Ерлер – жердің қорғаны» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеште ауыл әкімі Ж.Көпбосынов пен ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы М.Әзбаев құттықтау сөз сөйледі. Жас оқырмандарымыз ән шырқап, би биледі.