«Ерлік даңқы – мәңгілік»

09.05.2025
9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аясында Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Ерлік даңқы – мәңгілік» атты патриоттық сағат өткізілді. Атаулы шараға Ынталы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Асылбек Сайлауұлының жетекшілігімен 9-сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар «Жеңісті жақындатқан жандар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған тарихи кітаптармен және «Қаламдарын қаруға алмастырған» жазушы-батырлардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітапханашы Жаңыл апай таныстырып өтті. «Қараағаш елі Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген атаумен баяндама оқылып, онда Қараағаш ауылынан соғысқа аттанған жерлестеріміз туралы кеңінен мағлұмат берілді. Шара соңында Асылбек ағай мен оқушылар өз ойларымен бөлісті. Мақсаты: Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, саны азайып қалған майдангерлердің рухына тағзым ете отырып, жас ұрпаққа Жеңістің мәнін насихаттау, ерлігімен елге танылған Қараағаштық батырлар туралы мағлұмат беру, жас ұрпақты батырлыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.