«Ерлік елге мұра – ұрпаққа өнеге»

06.05.2025
6 мамыр күні С. Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кітапханашы Г. Акатова «Ерлік елге мұра – ұрпаққа өнеге» атты патриоттық кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары соғыс ардагерлері туралы деректермен бір-бірімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кітап көрмесі жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін оятуға ықпал етті. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.