«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

08.05.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар мен батырларымыздың суреттері қойылып, оларға библиографиялық шолу жасалды. Талдыбұлақ ЖББ мектебінің 5-сынып оқушылары Файзрахман Айша мен Әбдіқалық Іңкәр майданға қатысқан аталары туралы «Менің атам – майдангер» атты эссе жазып әкелді. Оқушылар Ұлы Отан соғысы жайында мәлімет алып, ойларын ортаға салды. Қазақтың атақты батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жайлы да мәліметтермен бөлісіп өттік. Ұлы Отан соғысының тарихын айтып тауысу мүмкін емес, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мақсаты: Балаларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.