«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті»

19.02.2025
19 ақпан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы мен Мәдениет үйі бірлесе отырып, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға Ауғанстан соғысының ардагерлері мен сол шайқастан аман қалған жерлес жауынгерлер туралы мәлімет беріліп, олардың фото суреттері таныстырылды. Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру