«Ертегі әлеміне - жазғы саяхат»

25.07.2024
25 шілде Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Ертегі әлеміне - жазғы саяхат» атты саяхат сағаты ұйымдастырылды. Саяхат сағатымызға Бидайық ЖББ мектебінің жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары белсене қатысты. Іс - шара барысында Бидайық ЖББ мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тусупова ертегілер оқып берді. Сонымен қатар «Кейіпкерді тап», «Саусақ театры» атты ойындар ойнатылды. Мақсаты : Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.