«Есіңе мені алғайсың»

09.02.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасы 9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби бульвар өткізді. Мақсаты: Ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, өмір жолын үлгі ете отырып оқырмандардың поэзияға деген құштарлығын ояту. Бұл іс-шараға кітапхана жанынан құралған «Сөз патшасы» әдеби-поэзиялық қызығушылық клубының мүшелері ат салысып қатысты.