«Ғарыш әлемінде»

12.04.2025
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Ғарыш әлемінде» атты көрмеге экспресс-шолу өткізілді. Шара барысында оқушылар Жерді қоршаған бүкіл дүние — Әлем немесе Ғарыш деп аталатыны туралы мәлімет алды. Ғарышқа жол 1957 жылдың 4 қазанында ашылды. Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. Ал 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында алғаш рет Ю.А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Содан бері бұл күн тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атаумен аталып өтуде. Қазақтан шыққан алғашқы ғарышкер — Тоқтар Әубәкіров. Шараға 5-сынып оқушылары белсене қатысып, білімдерін толықтыратын мол мәлімет алды. Мақсаты: Қазақ ғарышкерлерінің өмірбаянымен таныстыру, адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасы мен ғарыш әлеміне деген сүйіспеншілікті арттыру.