«Ғасырдың ғажап жазушылары»
12.09.2023
С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырдың ғажап жазушылары» атты әдеби кеш Б. Өетшов атындағы үлгілі балалар кітаханасының ұйымдастырылуымен өтті.
Әдеби кешіміздің шымылдығын «Тұмар» би ансамблі ашып берді. Жетекшісі Мендібаева Гүлдана Қасымханқызы. Балалар әдебиетіндегі жазушылардың өлеңдерің ауданымыздағы «Ақерке» бөбекжайының бүлдіршіндері Жақан атамыздың өлеңдерің жатқа айтты. Әлем әдебиетінің майталманы, француз жазушысы Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегісін «Балауса» бөбекжайының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері ерекше көрініспен ертегіні сомдады. Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің, С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-нің және
Е. Шаханов атындағы тірек мектебінің оқушылары балалар жазушысы М. Әлімбаев пен А.С. Пушкиннің өлеңдерің жатқа айтты. Әннен шашу шашқан Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Аманғалиқызы Кәусәр Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған «Маралдым» әнің шырқады. Кештің соңын Айдыңұлы Диас пен Бақытбек Дарина «Кел досым кітапханаға» әнімен аяқтады. 80 жылдық мерейтойға арналған шараның соңында кешке қатысқан оқырмандарымыз дипломмен марапатталып, сыйлықтар берілді. «Ғасырдың ғажап жазушылары» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.