«Гүлдер немен қоректенеді?»

08.08.2022
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 8 тамыз күні «Гүлстан» клубының мүшелерімен «Гүлдер немен қоректенеді?» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында гүлдердің немен қоректенетіні туралы мәліметтер айтылды.Оқушылар өздерінің еккен құмырадағы гүлдерін су құйып, баптады.Топырақтарын қопсытып, ауыстырды. Мақсаты: Гүлдердің қоректену арқылы жайнап өсетінін оқырмандарға жеткізу. Гүлдердің қоректерімен жан жақты таныстыру.