«Гүлдің дәрілік қасиеті»

13.09.2021
13 қыркүйек күні Байдалы би үлгілі кітапханасында «Гүлдің дәрілік қасиеті» атты эко сағаты болып өтті. Балалардың қызығушылығын ояту мақсатында шипалы бөлме өсімдіктері туралы қызықты мәліметтер берілді. Әр түрлі көрнекіліктер: суреттер мен бөлме өсімдіктерін пайдалана отырып, оқушыларға дәрілік бөлме өсімдіктерінің түрлерінің шипалы қасиеттері туралы және адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер беріліп оларды ұй жағдайында өсіру, күтіп-баптау тәсілдері түсіндірілді. Оқырмандарды сергіту мақсатында, гүл туралы бір шумақ тақпақ айта отырып жаттығу жасадық. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқырмандар алдын – ала дайындалған топыраққа, тамырланған дәрілік бөлме өсімдіктерінің қалемшелерін құмыраларға отырғызып, суғарды. Мақсаты: Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің дәрілік, шипалық қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы туралы, өсімдіктерді өсіріп, күтіп-баптау жолдарын түсіндіру арқылы білім беру. Оқушылардың дәрілік өсімдіктердің пайдасы туралы алған түсініктерін кеңейте отырып, алған білімдерін әрі қарай дамыту. Табиғатты қорғауға, бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіруге, оларды күтіп-баптауға, эстетикалық тәрбие беру.