«Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді »

24.07.2024
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 24 шілде күні Ж.Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді » атты О.Әлібаев мектебінің оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат берілді. Атқарған қызметтері жайында таныстырылды. Кітаптарымен таныстырып, шығармалары жайлы түйгендерін сұрақ- жауап ретінде қорытындыладық. Мақсаты: Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау. Ж.Аймауытов шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру