«Халқымыздың біртуар перзенті – Нұрғиса»

16.04.2025

16 сәуір күні Сәкен Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Халқымыздың біртуар перзенті – Нұрғиса» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Г. Акатова тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасап, Нұрғиса Тілендиевтің қазақ өнеріне сіңірген ерен еңбегі туралы мағлұмат берді. Мақсаты: оқырмандарды Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыру, күйші-композитордың мәдени мұрасын құрметтеуге баулу.