«Халық жүрегіндегі қаламгер»

22.04.2025

     22 сәуір күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне мектебіміздің 4-сынып оқушылары қатысты. Жас оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы құнды деректермен танысып, рухани байлыққа қанықты. Көрме барысында кітапхана қызметкерлері жазушының еңбектері туралы мазмұнды ақпарат ұсынып, оқушылардың қызығушылығын оятты. Мақсаты:Сәбит Мұқановтың өмірі мен әдеби мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отандық әдебиетті сүюге баулу болды.