Иманақ тауына экскурсия
21.09.2021
2021 жылдың 21 қыркүйек күні Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәкентану» атты «Өлкетану» клубының мүшелерімен және С.Сейфуллин ауылының кітапханашылары, Республикалық Жалпыұлттық маңызы бар Жаңаарқа ауданының киелі тарихи жерлерді насихаттау мақсатында «Ынтымағы жарасқан Ынтымақ» ауылының Иманақ тауының баурайына экскурсияға шықты. Экскурсияның негізгі мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны тануға, туған өлкеге, отанға деген сүйіспеншілігін артыруға. Сәкен атамыздың кіндік қаны тамған киелі мекенмен, Иманақ тауының шығу тарихымен С.Сейфуллин ауылының кітапханашысы Гүлайым Ізтөлеуқызы таныстыру барысында. Қазкен Мүсілімов сөзіне жазылған « Иман нұры- Иманақтан дарыған. Иманақ- тау емес, төбе. Сұңқар Сәкеннің кіндік қаны тамған қастерлі Иманақтың ұлылығы- биіктігінде емес, қасиетінде». Сондықтан болар, ұлт руханиятының үш алып бәйтерегіндей болған, Иманақтан биік тау жоқ –деген сөзімен аяқтады.
С.Сейфуллин ауылының үлгілі кітапханасында Қазақтың сыршыл ақыны, жалынды жазушысы, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің «Арқаның ақиық ақыны» кітап көрмесімен және Қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Парасат жолы» алаңымен Искакова Мереке өлкетану үйірмесі мүшелерін таныстырып өтті.