Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығы

10.04.2025
10 сәуір күні М.Жұмажанов ауылдық кітапханасында Қазақ прозасының қара нары атанған жазушы, сыншы, драматург, аудармашы Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығына орай әдеби шолу ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандар жазушының өмірбаянымен танысып, шығармаларына шолу жасады. Қалихан Ысқақовтың көркем тілі мен терең ойға құрылған туындылары оқырмандар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды. Мақсаты – жазушының бай әдеби мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.