«Қарағанды Библиодайвингі» атты Қарағанды облысы балалар кітапханаларының фестивалі
26.11.2021
26 қараша күні «Қарағанды Библиодайвингі» атты Қарағанды облысы балалар кітапханаларының фестивалін болып өтті. Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы « 2021 жыл балалар мен жастардың оқуын қолдау жылы» аясындында өткен «Қарағанды Библиодайвингі» атты облыстық фестивальге белсене ат салысты. 2 апта бұрын әлеуметтік желілерге фестивальдің жарнамасы қойылып, үнпарақтар таратылды. Облыстық фестивальге Жаңаарқа ауданының «Жастар ресурстық орталығы» қаржылай демеушілік білдірсе, ауданымыздағы «Аналар кеңесінің» төрағасы Сәулеханым Орынғозина Тедди қонжықтарын алып беріп қолдау көрсетті. Іс-шараға БАҚ шақырылып, «Дидар» телеарнасы келіп, арнайы сюжет дайындады. Жергілікті басылым «Жаңаарқа» газетіне мақала берілді.
ZOOM платформасында фестивальдің салтанатты ашылуы болып, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы ақ тілегін білдіріп, фестиваль қатысушыларына құттықтауын жеткізді. Абай атындағы ОБК басшысы Баян Қуанышқызы ұйымдастырылып жатқан облыстық фестивальдің мәні мен мазмұны зор екенін, балаларды оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға сәттілік тілеп, барлық кітапханашыларға алғысын білдірді. Жалпы «Қарағанды Библиодайвингі» атты фестивальге облысымыздың 31 ауданың балалар кітапханалары мен ауыл-аймақтың барлық кітапханалары ат салысты. ZOOM платформасындаға салтантты ашылудан кейін «Жаңаарқа ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы Медет Файзрахманұлы құттықтау тілегін білдірді.
Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы «Уақыттың қозғалысын ғылым мен технология жүзеге асырады» атты тақырыптқа өткен фестивальге балалар кітапханасы 10 алаң құрды. Балалар кітапханасының кіре берісіне әсем гүлдермен безендірілген арка құрылып, «Қарағанды Библиодайвингі» картасы ілінді. Келген қатысушылар мен қонақтарды Тедди қонжықтары күтіп алып лотереяға жетондар беріп, алаңдарға бөліп тұрды.
«Жаңаарқа жәдігерлері» алаңында аудандық С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейі, Жаңаарқа ауданының табиғи ресурстары мен қазба байлығы, флорасынан экспонттар алып келді. Музей қызметкерлері тарихтан сыр шертіп, қатысушылармен бірге аудан тарихына саяхат жасады.
Сарыарқаның салқам төсінің орта тұсына орналасқан, тарихи қатпарлы, шырайлы да шұрайлы мекендердің бірі Жаңаарқа елінің тарихына қатысты танымдық деректер мен жер – су атауларына арналған арнайы фотосуреттерден карта жасалып «Өз өлкеңді танисың ба?» атты танымдық ойын өткізілді. Картаға ауданымыздың көрікті жерлері мен тарихи орындары, атақты адамдарының фотосуреттері ілініп, қай жерде орналдасқаны жайлы сұрақтар қойылды. Өлке тарихын жақсы біліп, сұрақтардан мүдірмей жауап берген қатысушыларға сыйлықтар мен марапаттар табыс етіліп отырды.
Балалар кітапханасының дәлізіне «Уақыттың қозғалысын ғылым мен технология жүзеге асырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде ғылым, білімге қатысты кітаптар мен энциклопедиялар, анықтамалар қойылды. Екінші бөлімі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Сөреге Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген, ел егемендігін жырлайтын кітаптар мен «Тәуелсіздік толғауы» атты сериямен жарыққа шыққан кітаптар қойылды. Үшінші бөлімге «Балалар әдебиеті жылы» аясында өтіп жатқан іс-шара болғандықтан, балаларға арналған смарт кітаптар мен 3D кітаптар және қызықты ертегілер мен әңгімелер жинатары қойылды. Кітап аймағына шығыстан шыққан «Айгөлек», «Айтшы әжетай», «Балақан», «Балдырған», «Балбөбек» балалар журналдары әдемі бантиктермен көмкеріліп «Балаларға базарлық» атты сыйлық корзиналарына салынып тегін таратылды. Кітапхана дәлізі шарлар мен түрлі-түсті жалаушалармен безендірілді.
«Қызықты тәжірибелер мен эксперименттер» алаңы ұйымдастырылды. А.Сейдімбек атындағы ЖОББМ жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі Гүлзат Рүстемқызының жетекшілігімен 10 сынып оқушылары Шойынбай Шырын, Сәрсенбай Гүлім, Мерекеева Шұға, Жакенова Аружан түрлі тәжірибелер жасап, келген қонақтардың қызығушылығын оятты. Алаңға кітап сөресі ұйымдастырылып, сөреге химия пәніне арналған кітаптар мен тәжірбиелер жасауға үйрететін қызықты энциклопедиялар қойылды. Кеш соңында тәжірбие жасап көрсеткен оқушылар мен жетекшісіне алғыс хаттар табыс етіліп, сыйлықтар тарту етілді.
«Робототехника» алаңында аудандық оқушыларға қосымша білім беретін инновациялық «Оқушылар үйінің» «Роботехника» үйірмесі оқушыларының жұмыстарының таныстырылымы болды. Ерасыл Есенбаев пен Нұрбек Қуантай роботтарды жасау жолдарын көрсетіп, қонақтармен бірге жасады. Роботтар тақырыбында кітап сөресі ұйымдастырылды. Жетекшісі Жанерке Тілеубекқызы алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлық табыс етілді.
Балалар кітапханасының дәлізіне «Библио бистро» тамақтану аймағы ұйымдастырылды. Фестиваль қатысушылары мен қонақтарына төмендетілген бағада салқын сулар мен бауырсақтар, түрлі тәттілер сатылымға қойылды. Алаңға тамақ өнеркәсібіне арналған кітаптар мен мерзімдік басылымдардан кітап көрмесі қойылды.
«Сиқырлы кубик-рубик» алаңында оқушыларға түрлі-түсті кубиктермен безендірілген қызықты ойындаройнатылды. Оқушылар сұрақ – жауап ойыны арқылы кубиктерді құрастырды. Кіші топ оқушылары үшін түрлі-түсті текшелермен қозғалыс ойыны ойнатылды. Ойын шарты бойынша балалар кубиктерді лақтырып, кай түс түссе сол түс алдыға қадам жасап отырды. Ойынға белсене ат салысқан қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттары табыс етілді.
«Ашық микрофон» алаңы. Бұл алаңда шараға қатысушылар іс-шара бойы, қалаған уақыттарында ән айтып, би билеп, мәнерлеп тақпақ айтты. «Әуезді ноталар» атты қабырғаға дайындалған ноталардың артына өлеңдер жасырылды. Келген қатысушы қалаған нотасын алып, сонда белгіленген әуенді орынады. Іс-шара соңында жақсы өнер көрсеткен оқуышылар марапатталып сыйлықтар табыс етілді.
«Ғаламшар ғажайыптары» алаңы жұлдыздар мен аспан әлеміндегі планеталармен, телескоп және ұшақтар мен түрлі-түсті жарық шамдарымен безендіріліп, кітапханашы Гүлімай Қабдоллақызы жұлдызшы болып киініп, балаларға аспан әлеміне қатысты сұрақтар қойды. «Ғарыш әлемінде» атты кітап көрмесі құрылып, көрмеге ғарыштың кітаптары мен қазақ ғарышкерлерінің фотосуреттер мен фотозона ұйымдастырылды. Оқушыларға жат планеталықтар ретінде шардан жасалаған көрнекіліктер таратылды. Ойынға белсене ат салысқан оқушаларға сыйлықтар табыс етілді.
«Кино әлемі» алаңы. Бұл алаңға афиша ілініп, кино залда өтетін мульфильмдердің тізімі берілді. Келген оқушыларға арнайы жасалған билеттер беріп, кассир кинозалға кірзіп отырды. Алаң кино пленкалармен қазақ киноматаграфиясының алтын қорының фильмдерінің фото кадрларымен безендірілді. Кино залдың кіре берісне касса қойылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітап желісі бойынша фильм түсірілген отандық және шетел авторларының кітаптары қойылды. Қазақ балалар киносының ең танымалы, бәріміз білетін «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері Қожаның портретінен фотозона жасалынды. Оқушалар кино залдағы мултьфильмдерді тамашалап, жақсы көңіл күймен тарқасты.
«Шеберлік әлемі» алаңында «Ақсұңқар» оқыту орталығының директоры, қолөнер шебері Қарлығаш Байболсынқызы оқушыларға сәндік білезіктер жасаудың жолын үйретті. Шеберлік сағатына қатысқан оқушыларға Қарлығаш Байболсынқызы өздері жасаған сәндік бұйымдарын сыйға тартты.
«Қарағанды Библиодайвингі» атты облыстық фестивальдің жабылу салтанаты қорытынды мерекелік концертке ұласты. Кеш шымылдығын «Ақерке» бөбекжайының кішкентай бүлдіршіндері мен жетекшілері «Атамекен» әнімен ашып берді. Қорытынды кеште Ерсайын Айзара, Өмірзақ Назерке, Ғабдулла Мұхамеддғалы сынды өнерлі оқырмандарымыз әннен шашу шашып, «Балбәурен» би тобының қыздары тамылжыта би биледі.Кеш соңында Сәкен Сейфуллин атындағы ОКЖ КММ директорының міндетін атқарушы Гүлмайра Ағлақызы ақ тілегін білдіріп алаңдарда белсендік танытқан оқушылармен бүгінгі іс-шараға шәкірт тәрбиелеп, өнер көрсеткен оқушыларды марапаттады. Іс-шара барысында таратылған жетондар бойынша лоторея ойыны айнатылып жеңіпмаздараға сыйлықтары табыс етілді.
«Қарағанды Бибилиодайвингі» атты облыстық фестивальге Бексұлтан Шәкәрімұлы жетекшілік ететін Жаңаарқа ауданының ерікті жастары мен А.Сейдімбек атындағы ЖОББМ 5-сынып оқушылары сынып жетекшісі Айнұр Ахмедияқызы мен Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ 4-сынып оқушылары сынып жетекшісі Жаңыл Қабкенқызы, №132 тірек мектебінің 7 «б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Рахтаева Күмісжан , №132 тірек мектебінің 6 «ә» сынып оқушылар мен сынып жетекшісі Сыздықова Саягүл және кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ат салысып, іс-шараға қатысты.