«Қариялы ел-қазыналы ел»

01.10.2021
Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы 1 қазан қарттар күніне орай, «Парасат жолы» орталығында «Қариялы ел-қазыналы ел» атты мерекелік сыр-сұхбат өткізді. Зейнеткер кітапханашы, ардақты ана, аяулы әже Ұмсын Көжекбайқызы сырлы-сұхбаттың кадірлі қонағы болды. Сұхбат барысында Ұмсын апайымыз кітапханада өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кітапхана тарихынан сыр шертті. Кітапхананың өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлестері жайлы айтылып, қарттар күніне арналған фото көрмеге шолу жасалынды. Кеш соңында кітапхана қызметкерлері Ұмсын Көжекбайқызымен естелік фотосуретке түсіп, сыйлық табыс етті.