«Қарты бар үйдің қазынасы бар»

01.10.2024

Ш.Ералиев ауылының Мәдениет үйінде  кітапхананың ұйымдастыруымен 1 қазан - қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты мерекелік іс-шара  өткізілді.  Мерекелік іс-шараға ауылымыздың ата-әжелері қатысты. Ауыл көркем өнерпаздары әннен шашу шашып, «Еркем – ай »  би тобының қыздары мың бұралып би билеп,  «Көңіл ашар» үйірмесінің күйшісі Жақсылық Бүркіт «Адай» күйін орындады.  Ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, қазыналы қарттарымыз көтеріңкі күймен тарқасты. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқымыздың салт-дәстүрлерінен нәр алуға инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу