«Қасірет құрбандарына – мәңгілік тағзым»
31.05.2023
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасірет құрбандарына – мәңгілік тағзым» атты еске алу кеші С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана алдында өткізілді. Кеш бір минуттық үнсіздікпен солақай саясаттың құрбандарын еске алумен басталды. Аталған іс-шарада тарих қойнауындағы осы бір жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Кеш барысында тау тұлғалы ақын, жалынды жазушы С.Сейфуллин ескерткішіне қуғын- сүргін құрбандарын еске алу мақсатында гүл шоқтары қойылды. Кезекті сөз алған аудан әкімі Қанат Шубайұлы Қожықаев: "Ресми түрде "31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" деп аталды. Ашаршылық - елу жыл бойы совет идеологиясын үркіткен сөз. Бұл - бір жағынан жазықсыз құрбандарды қастерлеу күні болса, бір жағынан оларды еске алып, аза тұту күні. Осы қасиетті қара шаңырақ », - деді.
Алматы облысы Талғар ауданынан арнайы келген, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Рашидбек Закиұлы сөз сөйледі.
Кеш мақсаты - жастардың санасына, келешек ұрпаққа дәуірдің қайшылықты болмысын жеткізу, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген сенімділігін ұғындыру. Өздері іргетасын қалаған қоғамның бет-бейнесін ашу.
«Қасірет құрбандарына – мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. "Датталу мен ақталу" атты бірінші бөлімде қарастырылып отырған тақырыптың «ақтаңдақ тұстары» туралы айшықталған дереккөздер мен материалдарға ерекше мән берілген. «Алаш ұлағаты» деп аталатын екінші бөлімі оқырмандарды қазақтың озық зиялылары – «Алаш» қозғалысы өкілдерінің тағдырын көрсететін материалдармен таныстырады. Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ерекше табандылығы мен еліне деген адалдығын көрсететін құжаттар мен материалдар жинақтары кең форматта қойылған. «Тәуелсіздік тамырлары» атты үшінші бөлімде қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының естеліктерінен жинақталған кітаптар, олардың толық ақталуы туралы деректі материалдар берілген.