«Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы»

01.08.2024
Түгіскен ауылдық кітапханасында 1 - тамыз күні Ұзақбай Мұқышевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Мақсаты: Жазушы, тілші Ұзақбай Мұқышевтің туғанына 85 жыл толуына орай оқырмандарға Қаламгердің біртуар беделді азамат болғандығы жайлы оқырмандарға насихаттау. Оқырмандарымызға Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, қаламгер, тәлімгер – ұстазымыз Ұзақбай Мұқышевтің Жаңаарқа ауданының құрылуы жайлы, ауданымыздан шыққан ақын-жазушы, әнші, батыр, жыршы, күйші, спорт шеберлері туралы жазған кітаптарымен танысып, ақпарат алды.