«Қазақ әдебиетінің тарланы – Сәбит Мұқанов»

22.04.2025
22 сәуір Түгіскен ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің тарланы – Сәбит Мұқанов» тақырыбында әңгіме сағаты өтті. Іс-шара барысында оқырмандар жазушының өмірбаяны мен шығармашылық мұрасымен танысты. Сәбит Мұқановтың қаламынан туған туындылар туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылып, оның әдебиеттегі орны мен ұлт руханиятына қосқан үлесі кеңінен қамтылды. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Оқырмандар кітапханашыға жазушы жайлы түрлі сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Шара барысында қызықты деректер мен шығармалар төңірегіндегі талқылаулар қатысушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.Мақсаты: Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын үлгі ете отырып, оқырмандардың қазақ әдебиетіне деген құрметін нығайту және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын ояту болды.