«Қазақ халқының ұлттық қолөнері»

17.03.2022

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 17 наурыз  күні  22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай «Қазақ халқының ұлттық қолөнері» атты тақырыпта, ауылымыздың сегіз қырлы бір сырлы ауыл азаматы, атадан балаға мирас болып келе жатқан өнерді жаңғыртып жүрген - Мукышов Жасұлан ағамызбен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіміздің қонағы қамшының қалай өріп дұрыс жасалу жолын көрсетіп, оқушыларымыздын қамшы өруге деген қызығушылықтары арттырды. Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнері үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрену.