«Қазақ көгінде әуелеген Жұмекен жырлары»

08.10.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 8 қазан «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында  Ж. Нәжімеденовтың «Қазақ көгінде әуелеген Жұмекен жырлары»  атты өлеңдерінен үзінді оқу, мәнерлеп оқу шарасы өткізілді. Жұмекен Нәжімеденов қысқа өмірінің ішінде асқақ ақындығымен өз үнін естіртіп, өшпес көркем туындылар қалдырған тұлға. Жұмекен Нәжімеденов – тұлғалы талант. Қазақ поэзиясы туралы сөз қозғала қалса, Жұмекенді ауызға алмей кету мүмкін емес. Бүгінгі іс-шарамызда  «Жұмекеннен 100 өлең» атты кітабынан 8-сынып оқушысы Ерболатұлы Санжар өлеңдерін  мәнерлеп оқып шықты. Шараға сонымен қатар 5-6 сынып оқушылары да атсалысып, ақынның шығармашылығымен кеңінен танысты. 

Мақсаты: Ж. Нәжімеденовтың  поэзиясы мен Т.Әлімқұловтың прозасын насихаттау, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары жайлы мәлімет беру, мемлекеттік тілде сөйлеу аясын кеңейту және жастардың білімдерін толықтыру.