«Қазақ опера әнінің негізін салушы»

19.04.2022

       С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 19 сәуір күні қазақтың бұлбұл әншісі К.Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ опера әнінің негізін салушы» атты танымдық сағаты өткізілді. Шарада кітапханашы Г.Акатова әншіге арналған кітап көрмесімен таныстырып, кітапханашы М.Искакова «Қазақтың бұлбұлы, өнердің дүлдүлі» атты слайд көрсетті. Мақсаты: қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі К.Байсейітованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Әншінің әндерін білу, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.