«Қазақ поэзиясының ақ шағаласы»

23.08.2024
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 23 тамызда қазақтың көрнекті ақын қызы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Қазақ поэзиясының ақ шағаласы» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ақынның өлеңдеріне шолу жасалып, оқырмандарымыз өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Мақсаты: ақын туралы мағлұмат беру. Шығармаларын оқуға шақыру.