«Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем»

21.10.2022

21 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан –Республика күніне орай «Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем» атты патриоттық кеш өтізілді. Мақсаты: Оқырмандарды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратыны мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Шараға «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, аудандық мұражай қызметкерлері, өзге ұлт өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастау алды. С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директоры Ускенбаева Шынар Түлкібайқызы құттықтау сөз сөйледі. Іс – шараға Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің оқушылары мен ұстаздары, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары, аудандық музыка мектебі, кітапхана ұжымы әсем ән арнаса, «Айкөркем» би тобы  «Домбыра» биімен кештің көркін ашты.  Шара соңында оқырмандар мен оқушыларға алғыс хаттар марапатталып, өз ризашылықтарын білдірді. С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымы «Атамекен» хорымен кешті аяқтады.