«Қазақстан – Ұлы Отан соғысы жылдарында»

08.05.2025
8 мамырда Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында «Қазақстан – Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты патриоттық кеш өтті. Іс-шараға тыл ардагерлері С. Есжанов пен Д. Түсіпов арнайы шақырылды. Шараға АЖББ мектебінің ұжымы және 8-сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи мәліметтер айтылды. Кітапханашы Б. Анишева «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа үлгі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қатысушыларға тақырыпқа байланысты әдебиеттермен таныстырды. Ауыл әкімі Ж.Т. Бөгенбаев тыл ардагері С. Есжановқа Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойына арналған төсбелгіні салтанатты түрде табыс етті. Мақсаты: Ата-бабаларымыздың майданда соғысып, тылда еңбек етіп, Жеңіс үшін жан аямай жасаған тарихи ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау.