«Қазақтың дана – Қадыры»

09.01.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 9 қаңтар қазақ ақыны Қадыр Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың дана – Қадыры» атты әдеби кеш өткізілді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармалары тапқырлық пен еңбекқорлық, қабілет пен талант бір – бірін толықтырып тұрады. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, ақын өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Ұлттың ұлы тұлғасы – Қадыр ақынның есімі де, мұрасы да ұрпақпен бірге жасай беретіні анық. Мақсаты: Оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығын таныстырып, насихаттау