«Қазақтың қамын жеген – Қазыбек би»

27.07.2022
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 27 шілде күні қазақтың аса айбынды билерінің бірі - Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай «Қазақтың қамын жеген – Қазыбек би» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Г.Акатова Қазыбек бидің өмірі мен шешендік сөздерінің шығу тарихымен таныстырып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру. Тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту.