«Қазақтың текті қыраны»

18.10.2022
18 қазан күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Қазақтың текті қыраны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Аталған шараға Ынталы ЖББ мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Абилова Әлия мұғалім қатысты. Батырдың өмірі мен қызметі жайлы баяндама оқылды. Мақсаты: Оқырмандарға Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Барыс орденінің иегері Т.Бигельдиновтың ерлігі мен өмірбаянынан сыр шерту.