«Қазақтың тұңғыш ғарышкері»

28.07.2021

      С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханада  шілде айының 28 күні қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіровтің туғанына 75 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғарышкер туралы кітаптар, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдар сонымен қоса дәйек сөздер қойылды. Көрмеге кітапханашы М.Искакова бибилиографиялық шолу жасап, «Ғарыш қазақ» атты бейнешолу ұсынылды.