«Қазақтың ұлы ханы»

17.05.2023
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 17 мамыр күні Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына орай «Қазақтың ұлы ханы» атты тарихи сағат өткізілді. «Тарих – ғасырлар куәсі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапханашы А.Жокенова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар Әбілқайыр ханның жорықтары жайлы кітапханашы Г.Ахметбекова айтып өтті. Мақсаты: Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекет қайраткері Әбілқайыр хан жайлы білім беру.