«Кел, балалар, оқылық!»

29.04.2025
29 сәуір күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында танымдық сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Шараға 6-сынып оқушылары қатысып, «Алғырлар» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлініп, білімдерін сынға салды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, кітапқа қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді. Тапқырлық пен жылдамдық танытқан «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және зейінін дамыту.