«Кел, Наурызым – жыл басы»

20.03.2025

Түгіскен ауылдық кітапханасында 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күніне орай «Кел, Наурызым – жыл басы» тақырыбында ұлттық спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жарысқа кітапхана оқырмандары қатысып, өзара бақ сынасты. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды шымырлыққа, шапшаңдыққа, зеректікке баулу және қазақтың ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Қатысушылар асық ату ойынын ойнап, жарыс нәтижесінде 4-сынып оқушысы Бижан Ерсайын жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, оқтау тарту сайысы ұйымдастырылып, ұлдар мен қыздар жеке-жеке топқа бөлініп, өзара күш сынасты. Қол күрес сайысында 7-сынып оқушысы Омар Санжар жеңімпаз атанды. Шара аясында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар оқырмандарға шолу жасап, көрмедегі кітаптармен таныстырды.